Caravan Logo

Ақтөбе облысын дүрліктірген қауіпті қылмыскерлерді қолға түсіру қиынға соғуда

Ақтөбе облысын дүрліктірген қауіпті қылмыскерлерді қолға түсіру қиынға соғуда

Алайда қолға алынған іс-шараларға қарамастан, қарулы топты ұстау мүмкін болмай отыр. Өкінішке  қарай, олардың қолынан 6 тәртіп сақшысы зардап шекті. Үшеуі мерт болып, қалғандары жарақат алған. Қаскөйлерді ұстауға ішкі істер органдарымен бірге әскерилер де жұмылдырылған. Министрдің айтуынша, қиындықтар баршылық.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:


- Бұл аумақ табиғи жағынан да аса күрделі. Біз қамыс өсіп тұрған 27 шақырымдай жерді қарап  шықтық. Енді құм дала басталды. Онда иесіз қалған ауылшаруашылық нысандары, түрлі қоралар өте көп. Қашқындар жергілікті тұрғындар, және сол аумақты  бізден жақсы біледі. Дегенмен қазір тұтастай тексеру жүргізудеміз.