Ақтөбе облысынан табылған радиоактивті заттарды көмуге 7-8 млн. теңге қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысынан табылған радиоактивті заттарды көмуге 7-8 млн. теңге қажет

Ақтөбе облысынан табылған радиоактивті заттарды көмуге 7-8 млн. теңге қажет

Өткен жылдың қараша айының соңында Ақтөбе-Хромтау бағытындағы тас жолдың асфальт қаптамасынан табылған радиоактивті заттарды көму үшін, алдын-ала есеп бойынша, 7-8 млн. теңге қажет. Бұл туралы Ақтөбеде өткен баспасөз мәслихатында ядролық физика маманы Валентин Кудряшов хабарлады.

  • 22 Қаңтар 2004
  • 736
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, радиоактивтілік көрсеткіші 1 милликюриді құрайтын үш дақ түріндегі радиоактивті заттар Хромтау трассасының 84-ші шақырымында 10 см-ге жетпейтін тереңдіктен табылған. Заттардың салмағы 15 килодан асады. «Изотоп дайындаушы кәсіпорында қиыршық тасты ұнтақтаған кезде түсіп кеткен болуы мүмкін. Ондай кәсіпорындарда технологиялық процесс барысына бақылау жасайтын радиоизотоптық аспаптар болатыны белгілі»,- деген болжам айтады ғалым.

Дақтардан 1 метр биіктікте сәуленің таралу қуаты 100 микрорентген/сағатты құрайды. Бұл шектеулі шамадан үш есе артық.
Радиоактивті заттарды 15-ақпанға дейін бұрынғы Семей сынақ аймағының маңындағы «Байкал-1» қоймасына тасымалдап көму көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар