Ақтөбе облысында 10 жылда ақбөкендер саны 10 есе азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында 10 жылда ақбөкендер саны 10 есе азайды

Ақтөбе облысында 10 жылда ақбөкендер саны 10 есе азайды

Ақтөбе облысында 10 жылда ақбөкендер саны 10 есе азайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық орман және аң шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Сергей Гусев хабарлады.

  • 12 Қараша 2003
  • 787
Фото - Caravan.kz

Бөкендердің аса құнды бұл түрінің жойылуына емдік дәрілер жасауда қолданылатын ақбөкен мүйізіне деген қызығушылық әсер етті. 2003-жылы аталмыш аңдарды заңсыз аулаушы қайкөйлерге қатысты 6 қылмыстық іс қозғалды.

ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес, ақбөкенді атып алған жағдайда 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ, бір еркек бөкенді атқаны үшін 200 есеп көрсеткіші көлемінде, ал бір ұрғашы бөкенді немесе оның жас төлін атқан жағдайда 150 есеп көрсеткішіне тең мөлшерде айыппұл төлеу жазасы жүктеледі.
Облыстық орман және аң шаруашылығы басқармасы бастығы орынбасарының айтуынша, «аң шаруашылығы басқармасының қызметкерлері мардымсыз қаржыландырудың кесірінен осындай қылмысты әрекеттерге тосқауыл қоюға қауқарсыз». 2004-жылы табиғат қорғау шараларына мемлекеттік бюджетте бұрынғыдан екі есе артық қаржы қарастырылған. «100 млн. теңге көлеміндегі қаржы табиғат қаскөйлерімен күресте тек дәстүрлі құралдарды ғана емес, сонымен бірге авиацияны да жұмылдыруға мүмкіндік береді»,- дейді С.Гусев.

Соңғы жаңалықтар