Ақтөбе облысында 100 дана киік мүйізін әкетіп бара жатқан браконьерлер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында 100 дана киік мүйізін әкетіп бара жатқан браконьерлер ұсталды

Ақтөбе облысында 100 дана киік мүйізін әкетіп бара жатқан браконьерлер ұсталды

Ақтөбе облысында киіктің 100 дана мүйізі әкетіп бара жатқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.

  • 20 Қазан 2015
  • 348
Фото - Caravan.kz

"Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты" РММ, аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен "Охотзоопром" инспекторларының бірлесе өткізген рейд нәтижесінде "Жалаулыатпа" жерінде екі "Тoyota Land Crusier" көлігін мінген Қызылорда облысының алты тұрғыны ұсталды.

Автокөліктерді тексеру барысында киіктің 100 дана мүйізі мен 2 тегіс ұңғыл мылтық және 232 оқ анықталып, тәркіленді», делінген хабарламада.


Аталмыш факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Ақпарат today.kz сайтынан алынды.