Бұл туралы керекинфо хабарлады.
Нақты деректерге қарағанда, аталған мектепте шара өтуге тиіс екен. Шара басталмай тұрып, аяқ киімін ауыстыру үшін арнайы бөлмеге кірген Жылқыбай Нағашыбайдың денсаулығы оқыстан нашарлап, талып қалған.
— Мектеп дәрігері алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырыпты. Алайда олар келгенше, баланың жүрегі тоқтап қалған секілді. Нақты себебін басқа органдар анықтап жатқан шығар, ол жағын білмедік, — дейді аудандық білім бөлімінің қызметкері.
Ол оқушының оқу үлгерімі де, тәртібі де өте жақсы болған екен. Тек тұйықтау болыпты. Жақында ғана ата-анасы ажырасып, Жылқыбай әкесінің қасында қалыпты. Ал анасы басқа балаларымен бөлек кеткен екен.