Ақтөбе облысында 12 мың тұрғын су астында қалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында 12 мың тұрғын су астында қалуы мүмкін

Ақтөбе облысында 12 мың тұрғын су астында қалуы мүмкін

Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі 43 елдімекенді су басу қаупі бар екенін айтып отыр.

  • 13 Ақпан 2018
  • 166
Фото - Caravan.kz

Өңірге биыл қар көп түспеген, жауын-шашын мөлшері де аз. Алайда, өзен жағасында орналасқан аймақтарды су басу қаупі төніп тұр деп жазады Aktobenews.kz.

«Биыл 43 елді мекенді су басу қаупі бар. Олардың көбі өзен жағасында орналасқан. Мұндай ескерту жыл сайын беріледі», — деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы Құмар Тұрмағамбетов.

Сонымен қатар, дабыл қағылған қауіпті мекендерде мыңдаған адамның тұратыны белгілі.

«Қауіпті аймақта 12 мыңнан астам адам тұрады. Олардың бәріне ескерту беріліп, учаскеге жауапты адамдар бекітілді», — деді Тұрмағамбетов.

Айта кетейік, биыл жергілікті билік қызыл судың алдын алу үшін 190 миллион теңге қаржы бөліп отыр. Ол қаражат су тасқынының алдын алуға, қысқы тазалау жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын болады. Қазіргі таңда бөгеттер нығайтылып, тазартылып жатыр. Егер де өзен арнасынан тасып, су басқан жағдайда эвакуациялау үшін 4 мектепті дайындап қойған.


Соңғы жаңалықтар