Ақтөбе облысында 138 кило марихуанамен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында 138 кило марихуанамен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды

Ақтөбе облысында 138 кило марихуанамен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды

Ақтөбе облысында 138,8 кило марихуанамен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Наурыз 2005
  • 425
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, 27-наурыз күні жексенбіде Ақтөбе қаласының іргесіндегі Заречный ауылында оперативтік қызметкерлер 30 жастағы Ақтөбе тұрғынының автокөлігін тоқтатады. Тәртіп сақшылары автокөлікке толтыра сөмкелер тиелгеніне назар аударады. Тексеру барысында сөмкелерге өсімдік тектес заттың салынғаны анықталып, сараптама қорытындысы оның марихуана екенін айғақтап берді.

Есірткі автокөлікте отырған 26 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынына тиесілі болып шықты. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
ІІБ-ың хабарлауынша, бұл — облыс бойынша биылғы жыл басынан бері тәркіленген алғашқы ірі партия. 2004-жылдың қараша айында тәртіп сақшылары 128 кило марихуана тапқан.

Перейти к новостям спорта