Жарияланды: 540

Ақтөбе облысында 14 жастағы жасөспірім өз құрдасын аңшы мылтығынан атып тастады

Ақтөбе. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында 14 жастағы жасөспірім өз құрдасын аңшы мылтығынан атып тастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақтөбе облысының Темір ауданы Шұбарши ауылында 6 қарашада сағат 13.30-да 14 жастағы жасөспірім өз құрдасын аңшы мылтығынан атып тастады", -деп хабарлайды полиция. Оқиға орнына келген темір АІІБ жедел тергеу тобының қызметкерлері жасөспірімді ұстап, күдіктінің туысының атына тіркелген 16-шы калибрлі "ИЖ" аңшы мылтығын тәркіледі. 7 сыныпта оқитын 14 жасар бала байқаусызда атып алдым деген. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды, қылмыстық іс қозғалды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін