"Ақтөбе облысының Темір ауданы Шұбарши ауылында 6 қарашада сағат 13.30-да 14 жастағы жасөспірім өз құрдасын аңшы мылтығынан атып тастады", -деп хабарлайды полиция.
Оқиға орнына келген темір АІІБ жедел тергеу тобының қызметкерлері жасөспірімді ұстап, күдіктінің туысының атына тіркелген 16-шы калибрлі "ИЖ" аңшы мылтығын тәркіледі.
7 сыныпта оқитын 14 жасар бала байқаусызда атып алдым деген. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды, қылмыстық іс қозғалды.