Комитет ақпаратына сәйкес, 2003-жылы облыстық бюджетке 76 млрд. теңге құйылып, оның 47 млрд. теңгесі республикалық бюджетке аударылды.
Салық төлемдерінің артуына мұнай және мұнай өнімдері бағасының қымбаттауы, шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны артуы, салық әкімшілігінің күшейтілуі тәрізді факторлар әсер етті деп санайды салық мамандары.
Облыстық мәслихаттың сессиясында Ақтөбе облысын 2004-жылы дамытуға арналған бюджет 16 млрд. 719 млн. теңге болып бекітілді.