Ақтөбе облысында 2004-жылы өндірісте 17 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында 2004-жылы өндірісте 17 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында 2004-жылы өндірісте 17 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында 2004-жылы өндірісте 177 қайғылы оқиға болып, соның салдарынан 17 адам қаза тапты. 123 адам зардап шекті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық еңбек департаментінің еңбек қорғау саласындағы заңнамалардың орындалуын қадағалау бөлімінің бастығы Жолмұрат Жұбаназаров хабарлады.

  • 10 Қаңтар 2005
  • 490
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, былтыр қайғылы оқиғалардың басым бөлігі мұнайгаз және құрылыс бизнесі саласында болды. Ж.Жұбаназаровтың айтуынша, 2004-жылы өндірісте жарақаттану көрсеткіші 2003-жылғымен салыстырғанда 20 проценттен асты.

Өткен жыл қорытындысы бойынша өндірістегі қайғылы оқиғалар дерегіне сәйкес 52 материал құқық қорғау мекемелеріне тапсырылды. Соның ішінде 28 іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тексерулер нәтижесінде 5 лауазым иесі жұмыстан босатылды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысындағы 71 жұмыс беруші мен кәсіпорын мамандарына 828 мың теңгенің айыппұлы салынды.

Перейти к новостям спорта