Ақтөбе облысында 2,5 мыңдай адам жаңа туған нәрестенің бағым-күтіміне арналған бір мәрте жәрдемақыны ала алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында 2,5 мыңдай адам жаңа туған нәрестенің бағым-күтіміне арналған бір мәрте жәрдемақыны ала алмай отыр

Ақтөбе облысында 2,5 мыңдай адам жаңа туған нәрестенің бағым-күтіміне арналған бір мәрте жәрдемақыны ала алмай отыр

Ақтөбе облысында 2,5 мыңдай адам жаңа туған нәрестенің бағым-күтіміне арналған бір мәрте жәрдемақыны ала алмай отыр. Облыстық әлеуметтік қорғау басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, оған жәрдемақы алушылардың кейбір құжаттарының жоқтығы әсер етуде.

  • 2 Желтоқсан 2003
  • 502
Фото - Caravan.kz

Мәселен, ата-аналардың басым көпшілігінің жеке куәліктерінің мерзімі өтіп кетсе, кейбіреуінде салық мекемелерінде тіркелгендігі туралы куәлігі немесе әлеуметтік жеке коды жоқ болып шыққан. Осыған байланысты 300 мыңдай теңге төленбей отыр. Басқармадағылардың түсініктемесіне жүгінсек, егер ата-аналар нәресте туған күннен бастап 6 айдың ішінде келіп жәрдемақысын алмаса, ондай жағдайда қаржы автоматты түрде мемлекетке кері қайтарылады.

Жалпы 2003-жыл басынан бері Ақтөбе облысында 9 мыңдай шарана дүниеге келген. Туылған әрбір сәби үшін республикалық бюджеттен 15 айлық көрсеткішке тең мөлшерде бір реткі жәрдемақы беріледі. (биыл айлық есептік көрсеткіш 872 теңгеге тең).

Соңғы жаңалықтар