Ақтөбе облысында 3 мемлекеттік қызметкер пара алды деп күдіктеліп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында 3 мемлекеттік қызметкер пара алды деп күдіктеліп отыр

Ақтөбе облысында 3 мемлекеттік қызметкер пара алды деп күдіктеліп отыр

Ақтөбе облысында 3 мемлекеттік қызметкер пара алды деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды облыстық қаржы полициясы департаменті.

  • 5 Шiлде 2011
  • 438
Фото - Caravan.kz

«24 маусымда Ақтөбе облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Жайсаң» кеден бекетінің бас маманы Қырғызстан азаматынан халық тұтынатын тауарларды кедергісіз алып өтуде көмектескені үшін 3 мың ресей рублін алды деген күдікпен ұсталды», — деп мәлім етті сейсенбі күні қаржы полициясы баспасөз қызметінің инспекторыГүлмира Асанова.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. 26 маусымда кеденші сот санкциясымен қамауға алынды.

Бұдан басқа, 28 маусымда қаржы полициясы Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы Т. Омаровқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол осы күні бизнес жүргізуге жер телімін бөлу туралы мәселені оң шешіп бергені үшін Т100 мың көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр.

30 маусымда шенеунік сот санкциясымен үйдегі қамауға алынды. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.

«Мартық ауданы Қарашай ауылдық округының әкімі Е. Әбдірахмановқа қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Әкім 15 маусымда көкөніс дақылдарын өсіруге жер телімін бөлу туралы шешім қабылдағаны үшін 14 650 теңгепара алған», — дедіГ.Асанова.

Оның айтуынша, бұған қоса, әкім «К. деген азаматты көкөніс дақылдарын өсіруге жер телімін бөлу туралы шешім қабылдауы үшін Мартық аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығына Т17 мың пара беруге арандатты» деп айыпталып отыр».

Қазір күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Соңғы жаңалықтар