Ақтөбе облысында 43 жастағы азамат өзін-өзі өртеп жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында 43 жастағы азамат  өзін-өзі өртеп жіберді

Ақтөбе облысында 43 жастағы азамат өзін-өзі өртеп жіберді

Ақтөбе облысында 43 жастағы азамат үстіне спирт құйып, өзін-өзі өртеп жіберді. Аудандық прокуратура алдында болған төтенше жайт жұрттың төбе шашын тік тұрғызды. Отқа оранған ол сол күйі көшеге жүгіріп шыққан. Көргендер дереу көмекке ұмтылып, содан соң жедел жәрдем шақыртыпты. 

  • 1 Шiлде 2011
  • 550
Фото - Caravan.kz

Айдар Сапаровтың беті, кеудесі мен аяқтары қатты күйген; қазір ауруханада жатыр. «Бұдан басқа қылар қайратым қалмады», -дейді  ол. 25сәуірде Алға қаласында болған жаппай төбелесте 18 жасар ұлын белгісіз біреулер атып кеткен. Содан бері қанша ай өтсе де тергеу әлі алға жылжымапты. Облыстық ІІД  аталмыш іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, 5 күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Бірақ жер жастанған ұлдың әкесі«нағыз қылмыскерлер әлі бостандықта»деп ашынады. Осы шағымымен жергілікті прокуратураға барған оны ешкім елемей, сөзін де тыңдамапты. 


Айдар Сапаров, Алға қаласының тұрғыны
:

— Прокурорға  арызбен бардым.  Ол балағаттап қуып жіберді. Алғаның  қасында Ақтөбенің ДВД-ның тергеушісі болды. Содан соң ызаға булықтым да, сатылып жатқан спиртті үстіме құйып, өртендім. 

Соңғы жаңалықтар