Ақтөбе облысында 4,5 млн. теңгенің азық-түлік өнімдерінің контрабандасына тосқауыл қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында 4,5 млн. теңгенің азық-түлік өнімдерінің контрабандасына тосқауыл қойылды

Ақтөбе облысында 4,5 млн. теңгенің азық-түлік өнімдерінің контрабандасына тосқауыл қойылды

Ақтөбе облысында жалпы құны 4,5 млн. теңгені құрайтын азық-түлік өнімдерін декларацияда көрсетпей, шекарадан жасырын алып өтуге әрекет жасаған кәсіпкер ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Ақпан 2005
  • 433
Фото - Caravan.kz

Кәсіпкер әйел Мартук ауылында Ресей-Қазақстан шекарасынан өтпек болған жерінен ұсталды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кедендік құжаттарда ол азық-түлік өнімдерінің орнына басқа тауардың атын көрсетіп, арзанға бағалаған.

Контрабандалық тауар тәркіленіп, уақытша қоймаға жіберілді. Ұсталған кәсіпкердің үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің «экономикалық контрабанда» жөніндегі 209 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Кәсіпкердің айыбы дәлелденген жағдайда ол 485,5 мың теңгенің айыппұлын төлеуге мәжбүр болады»,- дейді баспасөз қызметі.

Перейти к новостям спорта