Жарияланды: 570

Ақтөбе облысында 75 жер қойнауы учаскесі потенциалдық пайдаланушыларға байқау арқылы беріледі

Ақтөбе облысында 75 жер қойнауы учаскесі потенциалдық пайдаланушыларға байқау арқылы беріледі. Бұл мәселе инвестициялық бағдарламалар бойынша байқаулар өткізу жөніндегі облыстық комиссияның отырысында талқыланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Жаппай таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арнаулы комиссия 2004-жылға 75 жер қойнауы учаскесінің тізімін бекіткен. Жер қойнауын пайдалану басқармасының бастығы Талғат Атыраубаевтың айтуынша, "кейбір нысандарды қожайындары қайта құру кезеңінде тастап кеткен. Сол себепті учаскелер өткен жылы айқындалғанымен, байқауға салынбаған". Игерілетін жер қойнауы учаскелері Шалқар, Ырғыз, Хромтау, Байғанин және Әйтеке би аудандарында орналасқан. Бұл - автожолдар мен құрылыс материалдарына шикізат алуға арналған кеніштер. Нысандардың биологиялық ахуалы туралы "Батыс Қазақстан жер қойнауы" кәсіпорнынан ақпарат алынғаннан кейін байқау өткізіледі. 2003-жылы барлығы 34 учаске байқауға шығарылып, қазір оның 15-і табысты игерілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін