Ақтөбе облысында Әбілқайыр ханның кесенесі мен мемориалдық кешені ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында Әбілқайыр ханның кесенесі мен мемориалдық кешені ашылды

Ақтөбе облысында Әбілқайыр ханның кесенесі мен мемориалдық кешені ашылды

Ақтөбе облысында Әбілқайыр ханның кесенесі мен мемориалдық кешені ашылды. Жергілікті халық ұхан құрметіне ас беріп, ғалымдар да қаншама жылға созылған даудың біткеніне қуанды. Себебі, Кіші жүз ханының сүйегін анықтауда тартыстар көп болған. Зерттеушілер ақыры Әбілқайырдың Торғайда емес, Ақтөбеде жерленгенін дәлелдеп бір тоқтамға келді. 

  • 6 Қазан 2015
  • 1325
Фото - Caravan.kz

Кіші жүз ханының сүйегін анықтау үшін зерттеуге ғалымдар 1998 жылы кіріскен еді. Оған дейін ұлы тұлғаның қай аумақта жерленгені жұмбақ болды. Әйтеке би ауданындағы «Хан моласы» қорымына қатысты келтірілген деректерге күмән туғаны рас. Дегенмен, эскпедициялық топқа жетекшілік еткендер ол күмәнді толықтай сейілттік деп отыр.

Серік Әжіғалиев, экспедиция жетекшісі:

-Жан-жақты дәлелденді. Этнография, архитектура жағынан, геофизика жағынан, сосын мына жоғарыдан аэрофото жасадық. Сосын антропологтар қатыстырылды. Генетиктер қатыстырылды.

Әбілқайыр кесенесі Ақтөбеден 600 шақырым жердегі «Хан моласы» қорымында көтерілді. Көршілес жатқан Қостанай облысымен шектесетін бұл жаққа көлікпен қатынау қиын. Сондықтан алғашқыда хан сүйегін облыс орталығына жақын маңға әкеліп қайта жерлеу туралы ұсыныстар көп болған.

Еркін Құрманбеков, ҚР мәдениет қайраткері

-Әртүрлі пікірлердің болғаны белгілі ғой. Жақын жерге қойса қайтеді, жұрттар соған бармай ма? Содан тәрбие алмай ма? Туристер келгенде жеңіл болмай ма? деген сияқты нәрселер болды ғой. Бірақ тарихи шындық өзінің орны ғой.

Хан кесенесінен өзге бұл жерге үш жүздің бірлігін білдіретін арнайы кешен де тұрғызылды. Оны салу үшін жұмысшылар біраз қиналған. Себебі бұл маңда жылан мен сона көп. Алты ай жаз бойы мемориал құрылысымен айналысқандар түн мезгілінде де тыным таппай, ауыз судың да зардабын тартқандарын айтады. Жалпы екі нысанға бюджеттен 273 млн теңге бөлініпті.


Зұлқоба Қажаев, құрылыс компаниясының өкілі

-Мына ауыз судың өзін Торғай ауылынан жүз шақырым жерден тасыдық. Елудің үстінде жұмысшылар болды.

Хан құрметіне арнап кесенеден жетпіс шақырым жердегі Толыбай ауылында ас берілді. Жергілікті билік енді осы аймақты туристер әкелетін орынға айналдырамыз деп отыр. Ол үшін ең алдымен ойқы-шойқы жолдың жайын реттемекші. 

Соңғы жаңалықтар