Ақтөбе облысында ақбөкендерді заңсыз атқан екі браконьер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында ақбөкендерді заңсыз атқан екі браконьер ұсталды

Ақтөбе облысында ақбөкендерді заңсыз атқан екі браконьер ұсталды

АСТАНА. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысы ІІД қоршаған ортаны қорғау полициясы қызметкерлерінің "Охотзоопром" табиғи ресурстарды қорғау мемлекеттік мекемесінің инспекторларымен бірлесе жүргізген рейд шаралары барысында Байғанин ауданында 2 ұрғашы ақбөкенді заңсыз атып өлтірген Атырау облысының екі тұрғыны ұсталды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне ҚР ІІМ әкімшілік полиция Комитетінің қоршаған ортаны қорғау бөлімінен хабарлады.

  • 19 Қыркүйек 2006
  • 539
Фото - Caravan.kz

Браконьерлерден заттай дәлел ретінде 16 -шы калибрлі аңшы мылтығы, пышақ және 2 ұрғашы ақбөкеннің ұшасы тәркіленді. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жалпы шығын көлемі 309 мың теңгені құрайды.

Аталған дерек бойынша , ҚР ҚК «Заңсыз аңшылық жасау жөніндегі» 288-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Ұсталғандардың айыптары дәлелденген жағдайда олар екі жылдан бес жылға дейін бас бостандықтарынан айрылып, мүліктері тәркіленуі мүмкін.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта