Ақтөбе облысында аудандық ІІБ-ның жаңа ғимараты салынатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында аудандық ІІБ-ның жаңа ғимараты салынатын болды

Ақтөбе облысында аудандық ІІБ-ның жаңа ғимараты салынатын болды

Ақтөбе облысының Алға ауданында 2005-жылы аудандық ІІБ-ның жаңа ғимараты салынатын болды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 100 млн. теңге бөлінеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен.

  • 16 Наурыз 2005
  • 388
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметі басшысының хабарлауынша, Алға аудандық ІІБ-ның қазіргі ғимараты 1936-жылы салынған. Бүгінде ғимараттың қабырғасы мен төбесі үгітіліп, едендерін дым тартып, жылыту жүйесі істен шығып, ғимарат жалпы жарамсыз болып қалған.

Аудандық ІІБ-ның жаңа ғимараты басты орталыққа айналмақ. Басқармаға учаске инспекторлары мен олардың көмекшілері жұмысқа қабылданады. Сонымен бірге оны кем дегенде бес автокөлікпен, компьютерлермен, жаңа байланыс құралдарымен, ал тәртіп сақшыларын баспанамен қамтамасыз ету көзделіп отыр.
ІІБ-ның хабарлауынша, 20 мың адам тұратын Алға ауданында қазіргі таңда небәрі 17 учаске инспекторы жұмыс істейді. Тәртіп сақшылары санының тапшылығына байланысты 2004-жылы тіркелген қылмыстардың ауқымды бөлігі облыс бойынша Алға ауданының үлесіне тиді.

Перейти к новостям спорта