Ол Caravan.kz медиа-порталының редакциясына WhatsApp желісі арқылы жетті.
Қазаққа өзбектің тілі ұқсас болғанымен, кей сөздерін аса түсіне бермейсің. Бірақ не туралы екенін білгендіктен болар, жан жүрегің езіле тыңдайсың.
Дегенмен, ең басындағы мына мағынадағы сөздерді аудармасыз түсінуге болады: "Бірі баласын көре алмай кетті. Бірі тіпті үйленбеген. Жетім қалған балаларыңның әкесі бол, қалқаны бол, Отаным!"
Естеріңізге салсақ, биыл 18 қаңтарда Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданының Қалыбай ауылы маңында Икарус маркалы жолаушылар автобусы өртке оранып, 52 адам көз жұмған еді. 5 адам өз күшімен сыртқа шығып үлгерген. Көз жұмғандардың барлығы — Өзбекстан азаматтары