Қайғылы оқиға 20-сәуірде 16 сағатта Хромтау ауданының Дон ауылында болған. Қаза тапқан адамдардың мәйітін жергілікті тұрғындар судан шығарып алды.
Ақтөбе облысында 34 жастағы жүргізуші айдаған "ВАЗ-2101" автокөлігі су астында қалған көпірмен өту барысында суға құлап кетті. Соның салдарынан жүргізуші мен жолаушы суға кетіп мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қайғылы оқиға 20-сәуірде 16 сағатта Хромтау ауданының Дон ауылында болған. Қаза тапқан адамдардың мәйітін жергілікті тұрғындар судан шығарып алды.