Ақтөбе облысында бір адам обадан қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында бір адам обадан қайтыс болды

Ақтөбе облысында бір адам обадан қайтыс болды

Ақтөбе темір жол ауруханасында облыстың Шалқар ауданының бір тұрғыны обадан қайтыс болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

  • 11 Шiлде 2003
  • 640
Фото - Caravan.kz

Басқарма мәліметі бойынша, 51 жастағы ер адам алғаш рет 2-шілдеде қызуы көтеріліп жергілікті учаскелік дәрігерге қаралыпты. Осыдан алты күннен кейін ол толыққанды дәрігерлік зерттеуден өту үшін отарбамен облыс орталығына келеді. Науқас темір жол ауруханасына жатқызылып, оған «аллергиялық дерматит» деген алдын-ала диагноз қойылады. Бүгін, 11-шілдеге қараған түні науқас қайтыс болды.

Алайда, алғашқы диагноз дәлелденбей, зерттеулер қорытындысы науқастың обаның септикалық түрінен қайтыс болғанын көрсетіп берген.
Осыған байланысты Ақтөбедегі темір жол ауруханасы карантинге жабылды. Облыстық тазалық-індет қызметінің обаға қарсы күрес станциясының дәрігерлері науқаспен байланыста болған адамдарды анықтай бастады.

Соңғы жаңалықтар