Агенттік ақпаратына сәйкес, жұмысшы оқиға орнында қайтыс болған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақтөбе облысының Хромтау қаласында Дон кен байыту комбинатының электр цехындағы 6-қосалқы станцияның 1977-жылы туған жұмысшысы 19-тамыз күні сағат 16-да жоспарлы жұмыстарын атқарып жүріп 6 мың вольттық тоққа соғылып мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Агенттік ақпаратына сәйкес, жұмысшы оқиға орнында қайтыс болған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.