Жарияланды: 370

Ақтөбе облысында болған жол апатынан төрт адам қаза тапты

Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында болған жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 27 қазанда сағат 18.00-де Ақтөбе облысының Хромтау ауданында Ақтөбе - Хромтау тас жолының 60-шы шақырымында "Субару" көлігінің 30 жастағы жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан оның жолаушылары - 70 жастағы ер адам мен 63 жастағы әйел оқиға орнында қаза тауып, 54 жастағы тағы бір жоалушы ауруханада қайтыс болды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін