Ақтөбе облысында цистерналардың аударылуының себебі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында цистерналардың аударылуының себебі анықталды

Ақтөбе облысында цистерналардың аударылуының себебі анықталды

Теміржолдағы төтенше жағдай! Ақтөбе облысында рельстен тайған жанармай толы тоғыз цистерна жарылып, арты алапат өртке ұласты. Жүздеген тонна жанармайды өшіру өрт сөндірушілерге оңай болған жоқ. Апат салдарынан ешкім зардап шекпеген. Дегенмен, он жолаушылар пойызы діттеген жеріне бірнеше сағат кешігіп аттанды.

  • 1 Тамыз 2015
  • 639
Фото - Caravan.kz

Оқиға Ембі қаласынан 4 шақырым жердегі темір жол бойында болған. Қандағаштан Оңтүстіккке бет алған пойыздың 20 вагоны төңкеріліп қалыпты. Лезде тұтанған өрттен жанармай құйылған 9 цистерна мен азық-түлік тиелген тағы төрт вагонның түгі қалмай жанып кеткен.

Апат кесірінен жолдар жабылып, он жолаушылар пойызы кестелерінен сағаттап кешігуге мәжбүр болды. Әсіресе Алматыдан Оралға бағыт алған пойыз айдалада жолаушыларымен жарты тәулік бойы аялдауына тура келген. Ал отты ауыздықтауға Ақтөбе мен Қандағаш қалаларына қарайтын теміржол бойындағы бекеттердің өрт сөндірушілері түгел тартылды. Құтқарушылар желдің екпіні мен аптап ыстықтың біраз кедергі келтіргенін айтады.

Ерік Ерімбетов, Ақтөбе облыстық ТЖД басқарма бастығы:

-Сөндіру кезінде қиындықтар туындады. Желдің күші күшті болды және жанар-жағармай құйылған цистерналар айтып өттім ауқымы көп болды. Сол себепті сөндіруде қиындықтар болды.   

Апатқа қатысты алғашқы болжам да айтылды. Тіркемелердің төңкерілуіне ескі вагондардағы ақау себеп болуы мүмкін. Ал олар жекенің меншігінде екен. Сондықтан келген шығынның өтеуін де сол вагонның иесі өтейді дейді «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясындағылар.


-Құдай сақтап, бұл апттан адам қазасы жоқ. Әйтсе де, бүлінген жолдар түні бойы қалпына келтіріп, қатынас қайта жанданды. Төгілген жанармайдан төнер экологиялық қауіп жоқ дегенді айтады мамандар. Себебі, топыраққа сіңіп үлгермей жанып кеткен. 

Соңғы жаңалықтар