Ақтөбе облысында далалық-әскери жорық кезінде 16 жасар бозбала қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында далалық-әскери жорық кезінде 16 жасар бозбала қайтыс болды

Ақтөбе облысында далалық-әскери жорық кезінде 16 жасар бозбала қайтыс болды

Ақтөбе облысы Хобда ауданы Алпысай аылында 19-мамыр, сәрсенбіде далалық-әскери жорық кезінде 16 жасар бозбала қайтыс болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстың бас педиатры Аманжол Тұяқбаев хабарлады.

  • 20 Мамыр 2004
  • 582
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, оқушы үш шақырымдық жаяу жарыстан кейін кенеттен жүрегі тоқтау салдарынан қайтыс болған. Далалық-әскери жорық болған жерде жүрген жедел жәрдем дәрігерлері балаға алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткен. Алайда, жасөспірім аудандық орталық ауруханаға жеткізілген жерде қайтыс болды.

А.Тұяқбаевтың айтуынша, қайтыс болған баланың ата-анасы діни себептерге байланысты сот-медициналық сараптамадан бас тартқан. «Демек, бұл оқиға бойынша құқық қорғау мекемелері қандайбір қылмыстық іс қозғамайды деген сөз»,- деді ол.
Облыстың бас педиатрының айтуынша, қайтыс болған баланың аурулары туралы баянға қарағанда, ол қандайбір созылмалы дертке шалдықпаған. Оқушының жүрегінен де дәрігерлер бұрындары ақау таппаған көрінеді. Мұғалімдердің айтуынша, жасөспірім спортпен белсенді шұғылданған.
А.Тұяқбаевтың айтуынша, осы оқиғаға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы аудандық дәрігерлерге мектеп оқушыларының денсаулығына жүргізілетін байқауды «айрықша қатал тәртіппен мұқият қарауды» тапсырды.

Соңғы жаңалықтар