Ақтөбе облысында дәрілік препараттарды сақтау тәртібін бұзуға байланысты қылмыстық істер сотта қаралатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында дәрілік препараттарды сақтау тәртібін бұзуға байланысты қылмыстық істер сотта қаралатын болады

Ақтөбе облысында дәрілік препараттарды сақтау тәртібін бұзуға байланысты қылмыстық істер сотта қаралатын болады

Ақтөбе облыстық фармакологиялық бақылау басқармасы дәрілік препараттарды сақтау тәртібін бұзуға байланысты екі қылмыстық істі сотқа тапсырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Ақпан 2004
  • 597
Фото - Caravan.kz

2004-жыл басынан бері фармакологиялық бақылау басқармасы облыс орталығындағы дәріханалар, дәріханалық дүңгіршектер мен фармакологиялық өнімдер сақтауға арналған қоймаларға 10 тексеру жүргізді. Мамандардың айтуынша, «тексерілген нысандардың барлығында да дәрілік препараттарды сақтау мерзімі мен тәртіптерін бұзу көріністері тіркелді».

«Облыс тұрғындарынан отандық өндірістерде өндірілген дәрілердің сапасына қатысты арыз-шағымдар жиі келіп түседі»,- дейді фармаколог мамандар. Бұл өндіріс технологиясын бұзудың салдары ма, әлде оларды сақтау және тасымалдау тәртіптерін бұзудың кесірі ме деген мәселені ендігі жерде мамандар анықтайды.
Ақтөбе облысына Шымкент, Алматы және Павлодар зауыттарынан фармакологиялық өнімдер әкелінеді.
Осы аптада фармакалогиялық бақылау басқармасының мамандары Ақтөбе облысының барлық аудан орталықтарында осындай тексерулер өткізбекші.

Соңғы жаңалықтар