Қаскөйлер аталық ақбөкендердің жүзге тарта мүйізін кесіп алып, жүк салғыштарына сыйғанынша жануарлардың етін тиген. Ал қалған өлекселерін аулаған жерлерінде лақтырып кетіпті. Ұсталған алтаудың барлығы Қызылорда облысының тұрғындары. Араларындағы біреуі майор шеніндегі Ішкі істер департаментінің қызметкері екен.
Бекболат Жапаров, Ақтөбе облыстық орман және жануарлар әлемін қорғау инспекциясының бөлім бастығы:
—Мүйіздерін кесіп, денелерін лақтырып кетеді. Тек мүйіздері керек оларға. Жануарлар дүниесіне келтірген шығынның жалпы көлемі 20 миллион 216 мың теңгені құрап отыр.