Ақтөбе облысында екі күнге дейін дес бермеген өрттер сөндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында екі күнге дейін дес бермеген өрттер сөндірілді

Ақтөбе облысында екі күнге дейін дес бермеген өрттер сөндірілді

Ақтөбе облысында екі күнге дейін дес бермеген далалы алқаптағы өрттер сөндірілді.

  • 3 Шiлде 2010
  • 528
Фото - Caravan.kz

ҚР ТЖМ-нан хабарлағандай, Шалқар ауданы Берсігүр ауылдық округінде шілденің 2-сі күні, бір күн бұрын басталған далалы алқаптағы өрт сөндірілді. Жалынның аумағы 425 гектарды шарпыды. Төтенше жағдайды жоюға Ақтөбе облысы бойынша ТЖД-ның жеке құрамы мен ерікті өрт сөндірушілер құрылымы жұмылды.

Ал Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылдық округіне қарасты Ордабайтоғай өлкесінде дала өрті екі күнге жалғасты. 700 гектар аумақты қамтыған тілсіз жау шілденің 2-сі күні ауыздықталды.

Отты сөндіруге Ақтөбе облысы бойынша ТЖД-ның жеке құрамы, ерікті өрт сөндірушілер құрылымы мен жергілікті халықтың техникалары тартылды.

Екі оқиғада да құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.