Ақтөбе облысында елді дүрліктерген қылмыскерлердің қару жарақтары табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында елді дүрліктерген қылмыскерлердің қару жарақтары табылды

Ақтөбе облысында елді дүрліктерген қылмыскерлердің қару жарақтары табылды

Ақтөбе облысында атыс-шабыс болған жерде нполиция қызметкерлері мен арнайы жасақ сарбаздарын өлтірген қылмыскерлердің қару-жарақтары табылды. Бірнеше күн бұрын көзі жойылған бандын ың ісін қазір Кеңқияқ аулында арнайы комиссия тексеріп жатыр. Ал шабуыл кезінде қираған үйлер мен қора-қопсының және өлген малдың құнын жергілікті билік өтейміз деп отыр.

  • 15 Шiлде 2011
  • 557
Фото - Caravan.kz

Елді дүрліктірген қылмыстық топ қару-жарағын алдын ала сайлап, шабуылға әзір болған. Бұған атыс болған жерден табылған жиырмадан астам қарудың түр-түрі мен оқ-дәрілер айғақ. Қылмыскерлер екі тәртіп сақшысы мен арнайы жасақ сарбазын операция кезінде атып өлтірген соң, олардың тапаншалары мен автоматтарын да иемденіп алыпты.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы:

Атыс болған орнынан көз жұмған «Арлан» арнайы жасағының қызметкерінен жоғалған «ПМ-9»  «Макаров»тапаншасы мен «Калашников»автоматы табылды.  Сарапшылар көзі жойылған 9 қылмыскердің арасындағы үш қылмыскерден қанынан есірткі заты табылды деген сараптама берді.

Полиция қызметкерлері Темір ауданының тұрғындарын заңсыз сақтаған қаруларын ерікті түрде тапсыруға шақырды. Бірақ бұған әзір құлақ асқан ешкім жоқ. Сондықтан тәртіп сақшылары Шұбарши мен Кеңқияқ ауылдарындағы үй-үйді аралап, тінтуде. Ал операция кезінде атылған оқтан баспаналары шұрық тесік болып, қора-қопсылары қираған тұрғындар дүние-мүлкінің құнын сұрауда.  Мал шығыны да бар.  Аталмыш  мәселеге байланысты  өңір депутаттары шұғыл түрде бас қосты. Олардың алдында облыс басшысы шығынды  «толық өтейміз» деп уәде берді.


Елеусін Сағындықов, Ақтөбе облысының әкімі:

— Тұрғындарға зардап шеккен дүние-мүлкі үшін көмек беріледі. Ол үшін жергілікті әкімдіктен ақша бөлуді ойластырамыз. Қазір келтірілген шығынға қатысты құжаттар толтырылып жатыр.

Өңір басшысы атышулы оқиғаның дінге де, халықтың әлеуметтік жағдайына қатысы жоқ деп ақталды. Елеусін Сағындықовтың айтуынша, көздері жойылған қылмыскерлердің барлығы жұмысбасты болған және кейбіреулерінің Ақтөбеде зәулім сарайлары болыпты-мыс. Бірақ бұл деректер арнайы комиссияның тексеруінен өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар