Рейдтерді облыстық денсаулық сақтау басқармасы экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті қызметкерлерімен бірлесе жүзеге асырады.
Т.Бажыровтың хабарлауынша, емшілік кәсіппен заңсыз айналысып жүргендерді әшкерелеу үшін жергілікті БАҚ-тарда жарияланған жеке хабарландырулар пайдаланылады. Мекеме қызметкерлері сонда көрсетілген мекен-жайларға хабарласып, емшілердің дәрігерлік тәжірибемен айналысуға лицензиясы бар-жоқтығын анықтайды. Рұқсат беретін құжаттары жоқ болып шаққан жағдайда бұл адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Шараны ұйымдастырушылар емшілік кәсіппен шұғылданатын адамдарды жаппай анықтап, оларға «өздерінің ерекше қасиет- қабілеттерін көзбе-көз дәлелдеп беру» туралы ұсыныс жасалады.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, Ақтөбе облысында қазіргі жағдаймен мемлекеттік лицензия алып, ресми тіркелген небәрі төрт қана халық емшісі бар.
Рейд он күнге созылады.