Салтанатты шараға жергілікті тұрғындар мен батырдың ұрпақтары қатысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс басшысы рухани тәрбие беруде осындай ескерткіштердің тұрғызылуы маңызды екенін атап өтті.
«Ертең осы Қандыағаш қаласының жастары үйленеді. Ант беретін кездер болады. Осы ескерткіштің қасына келіп, тағзым етсе, ант беретін болса, жастар ойлануы мүмкін. Неліктен бұл кісіге ескерткіш қойылды деген сауал туындауы мүмкін», — деді Бердібек Сапарбаев ескерткіштің алышу салтанатында.
Айта кетейік, облыс басшысы Қандыағашқа сапары барысында №1 қазақ орта мектебінің жаңа ғимаратында болды. Апатты жағдайдағы білім ордасы бұзылып, орнына 600 орындық зәулім мектеп салынған болатын.
Сонымен бірге, Бердібек Сапарбаев жаңадан төселген жолдарды қарап шықты.