Ақтөбе облысында имамдардың кадрлық құрамы жаңартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында имамдардың кадрлық құрамы жаңартылады

Ақтөбе облысында имамдардың кадрлық құрамы жаңартылады

Ақтөбе облысында имамдардың кадрлық құрамы жаңартылады, деп облыс әкімі Елеусін Сағындықов мәлім етті.

  • 14 Шiлде 2011
  • 593
Фото - Caravan.kz

«Мешіттерде дәстүрлі исламның мән-мағанасын дұрыс түсіндіре алатын кәсіби білікті мамандар жұмыс істеуі тиіс. 12 мешітте кездейсоқ адамдар жұмыс істейді. Жақын аралықта олар алмастырылады», — деді Е. Сағындықов сәрсенбі күні облыстық мәслихат сессиясында.

Облыс басшысының пікірінше, облыстағы діни ахуал сауықтыруды қажет етеді. Облыстағы 62 мешіттегі имамдардың тек 40% арнайы және жоғарғы білімі бар имамдар екендігі белгілі болды.

«Шұбаршы кентінде соңғы біржарым жылда үш имам ауысты. Қазір екі имам таңдалды, ондағы мешітті жаппаймыз», — деді әкім.

Облыс басшылығы өз тарапынан имамдарды баспанамен, техникамен қамтамасыз етіп, қажет материалдық қолдауды көрсетуге уәде берді.

«Оқиғаның алғашқы күнінен бастап (қылмыстық топ полицейлерді өлтірген – ҚазТАГ) мен біздегі дінге сенушілердің санын, жамағат мүшелерін, исламның әр ағымдарындағылар туралы мәлімет сұрастырдым. Біз Темір, Мұғалжар, Шалқар, Байғанин аудандары мен Ақтөбе жағдайына талдама жүргіздік. Тізімде Темір ауданындағы оқиғаларға қатыстылар жоқ. Сондықтан бұл топтың жұмысының діни сипаты туралы айту негізсіз. Бұл мәселеде нүктені құзыретті органдар қоятын шығар деп ойлаймын. Сонда ғана осы қылмыстық топтың жасаған қылмысының себебі анықталады», — деп қорытындылады Е. Сағындықов.

Еске салсақ, Темір ауданында 30 маусымда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерімен екі полицей өлтірілді. ҰҚТ мүшелерін ұстау операциясы барысында арнайы жасақтың 2 қызметкері қаза болып, 4 жауынгер жараланды. ҰҚТ мүшелері діни идеяларды бүркенген.

Осы оқиғалар болған Темір ауданында 7 діни бірлестіктер тіркеліп, 7 мешіт жұмыс істеген. Олардың барлығы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басқаруында жұмыс атқарады.

Аудан әкімшілігінің мәліметтерінше, жамағат саны ауданда 300-320 адамдай. Ауданның барлық мешіттерінде имамдар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ережелеріне сай жұмыс істейді.