Ақтөбе облысында комиссияны галстуксыз қарсы алған әкімнің басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында комиссияны  галстуксыз қарсы алған  әкімнің басы дауға қалды

Ақтөбе облысында комиссияны галстуксыз қарсы алған әкімнің басы дауға қалды

Ақтөбе облысында тұрғынды балағаттаған әкім қатаң сөгіс алып, 20 мың теңге айыппұл төледі. Қызылжар ауылдық аймағының басшысы Әлібек Нәкеш жұмыс сұрай келген мүгедекпен сөзге келіп қалыпты. Ашуланғаны сонша, учаскелік полицейді араға салған.

  • 21 Қараша 2015
  • 206
Фото - Caravan.kz

Ақыры іс сотта қарлып әкім де, ауылдасы да 20 мың теңгеден айыппұл арқалады. Шенеуніктің бұл қылығын естіген Тәртіптік кеңес қызметкерлері де тексеру үшін дереу ауылға жеткен. Сөйтсе, Әлібек Нәкеш комиссия алдынан кір-қожалақ күйі шығыпты. Ұқыпсыз атқамінерге облыстан келгендер бірден сөгіс жариялады. Ал әкімнің өзі тек галстук тақпағаным үшін ғана жазықты болдым деп ақталды.

Әлібек Нәкеш, Қызылжар ауылдық аймағының әкімі:

— Мен сол күні көріп тұрғандарыңыздай киім үлгісінде болдым. Тек қана тамағымның ауруына байланысты тыныс ала алмайтындығымнан галстугымды шешіп қойған болатынмын.

— Жаңағы іскерлік киімге қатысты галстуктен басқасының бәрі ақ көйлек бәрі болды дейді ғой. Онда неге жазасыңдар? Өтірікке шығарып тұр ғой.

— Тексеруге барған жалғыз мен емес. Жаңағы үсті басы кір-қожалақ. 

Соңғы жаңалықтар