Жарияланды: 490

Ақтөбе облысында көзі жойылған ҰҚТ мүшелерінің үшеуінің қанынан есірткілік заттар табылған

Ақтөбе облысының Темір ауданында 8 шілдеде жойылған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерінің үшеуінің қан құрамынан есірткілік заттар табылды, деп облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алматы Иманғалиев мәлім етті.

«Жүргізілген сот-медициналық сараптама бойынша, көзі жойылған үш қылмыскердің қан құрамынан есірткілік зат табылды. Болжам бойынша, олар наша шеккен», - деп А. Иманғалиев бейсенбі күні мәлім етті. Оның айтуынша, қазір Кеңқияқ және Шұбаршы кенттерінде оперативтік-тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіпті сақтау үшін ауылға полицейлердің взводы жіберілді. Бұрын хабарланғандай, Темір ауданында 30 маусымда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерімен екі полицей өлтірілді. ҰҚТ мүшелерін ұстау операциясы барысында арнайы жасақтың 2 қызметкері қаза болып, 4 жауынгер жараланды. ҰҚТ мүшелері діни идеяларды бүркеніп, мұнай ұрлаумен айналысқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін