Ақтөбе облысында көзі жойылған ҰҚТ мүшелерінің үшеуінің қанынан есірткілік заттар табылған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында көзі жойылған ҰҚТ мүшелерінің үшеуінің қанынан есірткілік заттар табылған

Ақтөбе облысында көзі жойылған ҰҚТ мүшелерінің үшеуінің қанынан есірткілік заттар табылған

Ақтөбе облысының Темір ауданында 8 шілдеде жойылған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерінің үшеуінің қан құрамынан есірткілік заттар табылды, деп облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алматы Иманғалиев мәлім етті.

  • 14 Шiлде 2011
  • 478
Фото - Caravan.kz

«Жүргізілген сот-медициналық сараптама бойынша, көзі жойылған үш қылмыскердің қан құрамынан есірткілік зат табылды. Болжам бойынша, олар наша шеккен», — деп А. Иманғалиев бейсенбі күні мәлім етті.

Оның айтуынша, қазір Кеңқияқ және Шұбаршы кенттерінде оперативтік-тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіпті сақтау үшін ауылға полицейлердің взводы жіберілді.

Бұрын хабарланғандай, Темір ауданында 30 маусымда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерімен екі полицей өлтірілді. ҰҚТ мүшелерін ұстау операциясы барысында арнайы жасақтың 2 қызметкері қаза болып, 4 жауынгер жараланды. ҰҚТ мүшелері діни идеяларды бүркеніп, мұнай ұрлаумен айналысқан.

Соңғы жаңалықтар