Ақтөбе облысында мал ұрлаған зейнеткер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында мал ұрлаған зейнеткер ұсталды

Ақтөбе облысында мал ұрлаған зейнеткер ұсталды

28 қазан күні Әйтеке би АІІБ-нің кезекшілік бөліміне Белқопа ауылының 49 жастағы тұрғыны келіп, түнде белгісіз біреулердің 2 сиыры мен құлынын ұрлап әкеткенін айтқан.

  • 30 Қазан 2012
  • 465
Фото - Caravan.kz

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, полицейлер мал ұрыларын жедел анықтады.

АІІБ-нің қызметкерлері аталған қылмысты жасау күдігімен Аралтөбе ауылының 22 және 32 жастағы екі тұрғынын, сондай-ақ бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған Белқопа ауылының 67 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдіктілердің айтуынша, олар екі сиырды сойып, етін Ақтөбенің базарында жалған құжаттармен сатып, ақшасын өзара бөлісіп алған. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Құлын иесіне қайтарылды, күдіктілер ешқайда кетпеу қолхатын толтырды.

Соңғы жаңалықтар