Caravan Logo

Ақтөбе облысында мал ұрлаған зейнеткер ұсталды

Ақтөбе облысында мал ұрлаған зейнеткер ұсталды

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, полицейлер мал ұрыларын жедел анықтады.

АІІБ-нің қызметкерлері аталған қылмысты жасау күдігімен Аралтөбе ауылының 22 және 32 жастағы екі тұрғынын, сондай-ақ бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған Белқопа ауылының 67 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдіктілердің айтуынша, олар екі сиырды сойып, етін Ақтөбенің базарында жалған құжаттармен сатып, ақшасын өзара бөлісіп алған. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Құлын иесіне қайтарылды, күдіктілер ешқайда кетпеу қолхатын толтырды.