Ақтөбе облысында мал ұрлығының алдын алу мақсатында "ҚҰРЫҚ" жедел алдын алу шарасы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында мал ұрлығының алдын алу мақсатында "ҚҰРЫҚ" жедел алдын алу шарасы өтті

Ақтөбе облысында мал ұрлығының алдын алу мақсатында "ҚҰРЫҚ" жедел алдын алу шарасы өтті

Ақтөбе. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында 13 мен 20 қазан күндері аралығында "ҚҰРЫҚ" жедел алдын алу шарасы өтті. Аталмыш шараның мақсаты - мал ұрлығының алдын алу, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Қазан 2008
  • 719
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе қаласынан 2 жедел топ құрылып, мал сататын базарлар тексерілді. Осы шара кезінде 179 автокөлік тексеріліп, соның ішінде 86 машина мал және ет тасымалдағаны анықталды. Мұндай жайттар аудандарда жиі кездеседі.

«Мәселен, Әйтеке би ауданының 1967 жылы туған тұрғыны екі ірі қара малды ұрлағандығы және малды өз үйінің ауласына сойып, Ақтөбе қаласына әкеп сатқан. Қазі бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 175-бабына сай іс қозғалып, тергеу жүргізіліп отыр»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар