Ақтөбе облысында Мартық ауданы әкімінің орынбасары екі жылға шартты сотталды
Ақтөбе. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Ақтөбе облысында Мартық ауданы әкімінің орынбасары екі жылға шартты сотталды. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті хабарлады. |
Шенеунік 328 мың теңге көлемінде пара алған айыпты деп танылды, деп хабарлайды қаржы полициясы.
"Бұл ақшаны Мартық ауданы әкімінің бірінші орынбасары аудандық мектептің шатырын жөндеу жөніндегі мемлекеттік қабылдап алу актісіне қол қою және оны дер кезінде қаржыландыру үшін алған. Ақшаны ол "Килт" ЖШС-нің прорабынан алған. Сот шенеунікке қатысты істі қарап, оны екі жылға шартты соттады", -деп хабарлайды департаменттегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін