Ақтөбе облысында мүгедек баланы дүниеге әкелген әйелді күйеуі мен қайын атасы үйден қуып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында мүгедек баланы дүниеге әкелген әйелді күйеуі мен қайын атасы үйден қуып шықты

Ақтөбе облысында мүгедек баланы дүниеге әкелген әйелді күйеуі мен қайын атасы үйден қуып шықты

Бала жиі ауырады.

  • 9 Қараша 2017
  • 195
Фото - Caravan.kz


Ақтөбе облысы Алға ауданының тұрғыны күйеуге шығып, балалы болды. Баласы туа бітті сал ауруына шалдыққан соң күйеуі мен қайын атасы үйден қуып шықты, деп хабарлайдыAktobenews.kz.

«Атасы мен күйеуі келіншекті қуып жіберген. Алдымен Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментіне барып, көмек сұрады. Кейін дағдарыс орталығына орналастырылды. Бала жиі ауырады. Келіншек балаларды оңалту орталығына барғысы келмей, бізге келді. Енді бала түрлі ем алып жатыр, бұл жерде 6 ай жатып, түрлі көмек ала алады. Үнемі қолына ұстап, көтеріп жүреді. Себебі, бала өте кішкентай», — деді «Малика» дағдарыс орталығының директоры Гүлбадан Дауыт.