Ақтөбе облысында мұғалімдер жетіспейді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында мұғалімдер жетіспейді

Ақтөбе облысында мұғалімдер жетіспейді

АҚТӨБЕ. 24 тамыз. Kazakhstan Today. Ақтөбе мектептерінде негізгі пән мұғалімдері жетіспейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 24 Тамыз 2006
  • 694
Фото - Caravan.kz



Облыстық білім департаментінің бас маманы Гүлзейнеп Есенғалиеваның мәліметіне қарағанда, жаңа оқу жылында математика пәнінен 39, химия -8, физика 33, ағылшын тілі пәнінен -14, информатика -30, және дене шынықтыру пәнінен -62 мұғалім жетіспейді. Әсіресе, Алға, Мұғалжар, Хобда, Хромтау, Қарғалы, Темір және Мартық аудандарында дәріс берушілер өте тапшы. Білім департаменті өкілдерінің пайымдауынша, мұндай жағдайдың қалыптасуына жас мамандарға әлеуметтік көмектің қарастырылмауы себеп. «Оларға орнығу үшін қаражат төленбейді, бұрынғыдай баспана берілмейді. Жасыратыны жоқ, мұғалімдердің көпшілігі баспананы жалдап тұрады»,-дейді Гүлзейнеп Есенғалиева. Мамандардың пікірінше, аймақтағы мұғалімдердің жетіспеу мәселесін тек аудандық әкімшілік шеше алады, олар осы жағдайға көңіл бөліп , қол ұшын берулері тиіс».
Осыған байланысты облыстық білім департаменті аудандық әкімшіліктерге хат жолдады.

Ақтөбе облысында 16 мыңнан астам мұғалім бар.

Перейти к новостям спорта