Ақтөбе облысында мұнайдың заңсыз айналымы жылына шамамен 10 млрд теңгені құрап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында мұнайдың заңсыз айналымы жылына шамамен 10 млрд теңгені құрап отыр

Ақтөбе облысында мұнайдың заңсыз айналымы жылына шамамен 10 млрд теңгені құрап отыр

Ақтөбе облысының прокуратурасы мұнай айналымы саласында жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан жол берілген бұзушылықтарды анықтады.

  • 12 Желтоқсан 2012
  • 342
Фото - Caravan.kz

«Біздің есебіміз бойынша облыста мұнайдың заңсыз айналымы жылына шамамен 100 мың тоннаны құрайды, сомасы 10 млрд теңгеден асады», деп хабарлады Ақтөбеде төралқа кезінде облыстық прокуратураның бірінші басқармасының бастығы Маратбек Мырзамұратов.

Ол атап өткендей, құрылымына 12 филиал енген «СНПС — Ақтөбемұнайгаз» АҚ тексеру кезінде скважиналарда өндіріліп отырған шикізаттың есепке алынбайтыны анықталған. «Мәселен, әр түрлі зауыттарда бірнеше рет өңделген мұнай қоспасы дайын тауарлы мұнай ретінде Жаңажол газ өңдеуші зауытқа жіберіледі, ол жерден мұнайды еспке алудың коммерциялық буыны арқылы Кеңқияқ-Құмкөл магистральды құбырына жөнелтіледі».
Мұнайды бөлу, дайындау, тазалау сатыларының бірде-бірінде мұнай не автоматты түрде, не электронды құралдар арқылы есепке алынбаған, деді ол.
«Математикалық формуламен есептелген әдістер мұнайдың нақты өндірісі туралы шынайы дерек бермейді», деді ол.
Ал «Сағыз Петролеум Компани»-де болған тексеру жағдайдың тіпті нашар екендігін көрсеткен, онда есепке алу құралдары болмай шықты», деді М.Мырзамұратов.