Агенттіктің дәйегіне жүгінсек, өрт төсек үстінде шылым шегу салдарынан басталған. 12 шаршы метрді қамтыған тілсіз жауды ауыздықтау барысында екі ересек адам мен 1, 8 және 11 жастағы үш баланың мәйіті табылды.
Өрт бір сағат ішінде сөндірілді. Оны ауыздықтауға 15 адам мен мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 4 техникасы жұмылдырылды.