Ақтөбе облысында орын алған оқиғаға қатысты өлтірілген қылмыскерлердің тағы 9 қылмысы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында орын алған оқиғаға қатысты өлтірілген қылмыскерлердің тағы 9 қылмысы анықталды

Ақтөбе облысында орын алған оқиғаға қатысты өлтірілген қылмыскерлердің тағы 9 қылмысы анықталды

Ақтөбе облысы Шұбаршы кентінде полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған қылмыскерлердің бұдан басқа 9 қылмысы анықталды. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ІІМ бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Марат Демеуов мәлім етті.

  • 11 Шiлде 2011
  • 585
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге сала кетейік, 30 маусым күні белгісіз қылмыскерлер Ақтөбе облысы Шұбаршы кентінде полиция қызметкерлерін өлтіріп, олардың қаруларын тартып әкеткен болатын. Кейіннен 9 шілде күні күдіктілерді құрықтау операциясы барысындағы қақтығыс кезінде 9 адам өлтірілген еді. Бүгін таңертең тағы екі күдікті қамауға алынды. «Орын алған оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта прокуратура органдарымен бірлесіп, тергеу жұмыстарын жүргізудеміз. Жалпы, бұл қылмыстық топ діни идеяларды жамылып, осы уақытқа дейінгі әрекеттері барысында бірқатар қылмыстарды жүзеге асырып келген. Мәселен, қазіргі уақытта сол күдіктілердің қатысуымен жасалған 9 қылмыс анықталды. Оның ішінде тонау да, ұрлық та бар. Арыздар тағы да түсуде», — дейді ІІМ бірінші орынбасары Марат Демеуов. Оның айтуынша, қылмыскерлердің орташа жасы 18-25 жас аралығында.

Соңғы жаңалықтар