Ақтөбе облысында Өзбекстандық екі браконьерге бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында Өзбекстандық екі браконьерге бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды

Ақтөбе облысында Өзбекстандық екі браконьерге бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды

Ақтөбе облысында Қазақстан аумағында заңсыз киік аулаған Өзбекстандық екі браконьерге бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық орман және аң шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Сергей Гусев хабарлады.

  • 1 Шiлде 2005
  • 342
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, табиғат қаскөйлері сәуір айында Шалқар ауданының аумағында ұсталған. Тыйымға қарамастан, шетелдіктер 9 киікті заңсыз атып алған. Сонымен бірге олардың қолынан 16 калибрлі тіркелмеген аңшы мылтығы мен 20 оқ тәркіленді.

Бұл іске қатысты тергеу амалдары екі айға созылды. Шалқар аудандық соты сөйтіп таяуда ғана үкім шығарды. Өзбекстан азаматтары жүктелген жазаны жалпы тәртіпті абақтыда өтеумен бірге 1,4 млн. теңгенің айыппұлын төлеуге тиіс.

Перейти к новостям спорта