Ақтөбе облысында полицейлерді өлтірді деген күдіктілерді ұстау бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында полицейлерді өлтірді деген күдіктілерді ұстау бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр

Ақтөбе облысында полицейлерді өлтірді деген күдіктілерді ұстау бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр

Ақтөбе облысында полицейлерді өлтірді деген күдіктілерді ұстау бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр, деп мәлім етті ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

  • 5 Шiлде 2011
  • 487
Фото - Caravan.kz

«Ол жақта әскерлер, арнайы жасақ бар. Бұл — өте үлкен аумақ, Ақтөбеден 280 шақырым жерде. Сондықтан оларды ұстауда қиындықтар бар. Олар жергілікті адамдар, аумақты бізден жақсы біледі», — деді Қ. Қасымов сейсенбі күні журналистерге.

Министр ол жерге қосымша күш тарту қажеттілігі жоқ екенін айтты.

«Өйткені ол аумақты жауып тастау мүмкін емес. Біреудің кетіп қалғаны туралы ақпарат бар. Оларды ұстау шараларын қабылдап жатқанымызды айтып сендіремін. Қазір полицейлерді атып өлтіру себептерін анықтап жатырмыз. Біз олардың (қылмыскерлердің — ҚазТАГ) арасында да жаралылар болуы мүмкін деп отырмыз», — деді Қ.Қасымов.

Қылмыскерлердің діни қызметке қатысы бар-жоқтығы туралы сұраққа ІІМ басшысы: «оны ұстаған кезде анықтаймыз»,-деп жауап берді.

Бұрын хабарланғандай, 30 маусымда сағат 20 шамасында Темір АІІБ Кеңқияқ полиция тірек бекетінің патрульдік-бекеттік қызметінің сержанттары Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаев УАЗ көлігімен Темір ауданының Шұбаршы ауылында патрульдеу кезегіне кіріскен.

«4 сағат өтпей жатып Шұбаршы ауылындағы тірек бекетіне А. Мәмбетовтың Mitsubishi Delica көлігімен белгісіз біреулер келген. Олар қызметтік көлікке белгісіз қарудан оқ жаудырып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Осының нәтижесінде Н. Алпысбай мен А. Боранбаев оқиға орнында көз жұмды.

Тәртіп сақшыларын өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 96 б. 2 б. «екі және одан да көп кісіні өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өткен жексенбі күні тәртіп сақшыларын өлтірді деген күдіктілерді ұстау операциясы кезінде арнайы жасақтың бір қызметкері қаза болып, үшеуі жарақат алған. Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті (ІІД) полицейлерді өлтірген қылмыскерлер туралы ақпарат үшін $100 мың ұсынып отыр.

Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін алты күдікті іздестіріліп жатыр – Темір ауданы Шұбаршы ауылының тумалары ағайынды Мәмбетовтар – 25 жастағы Ақылбек пен 27 жастағы Тоқтарбек, 22 жастағы Бектемір Оразов пен 43 жастағы Қуаныш Әлімбетов. Сондай-ақ, Темір ауданы Кеңқияқ ауылының тумасы 23 жастағы Мирас Қаражановтың, Темір ауданы Сарыкөл ауылының тумасы 23 жастағы Айбек Жамағазиннің тәртіп сақшыларын өлтіруге қатысы бар деп күдіктеліп отыр.

Соңғы жаңалықтар