Ақтөбе облысында полиция қызметкері ұрған жігіттің екі құлағы естімей қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында полиция қызметкері ұрған жігіттің екі құлағы естімей қалған

Ақтөбе облысында полиция қызметкері ұрған жігіттің екі құлағы естімей қалған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тұрғыны Аслан Сәрсенғалиевтің екі құлағы естімей қалды. Ол кафеде отырып, көрші үстелде демалып отырған жігіттермен сөзге келген.

  • 11 Қазан 2017
  • 208
Фото - Caravan.kz

Төбелестен кейін есінен танып, бір апта жансақтау бөлімінде жатты, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Менің ұлым мектеп бітірген соң Ақтөбе қаласына келіп, жалдамалы жұмыс істеді, пәтерде тұрды. Оның дені сау, ақылы дұрыс еді. Осы жылдың наурыз айында кафеде демалып отырған кезде жанындағы қызды көрші үстелдегі жігіттер биге шақырған. Сол кезде жігіттер өзара сөзге келіп, балам сыртқа шыққан кезде оны құлағының түбінен бір ұрып құлатты. Ес-түссіз жатқан ұлымды үйіне жеткізіп тастаған. Ол 9 сағат жатып, кейін жедел жәрдем шақыртты. Мұрны сынды, бас-ми жарақатын алды. Екі құлағы естімейді. Бір апта бойы жансақтау бөлімінде есін білмей жатты», — деді Асланның әкесі — Қайрат Сәрсенғалиев.

Ұлы ауруханада ем қабылдап жатқанда қайғыдан жаны азапқа түскен анасы қаза болды. Қазір арада 8 ай өткенімен тергеу аяқталар емес.


«Мені полиция қызметкері ұрып, құлағым естімей қалды. Қазір дауысым да бұзылған. Құлағымды емдедетін қаржы керек. Әрі тергеу жұмыстары аяқталар емес. Прокуратурадан көмек сұрап келдік», — деді Аслан Сәрсенғалиев.

Арызды бүгін прокуратура қабылдап алды. Ақтөбе облыстық прокуратурасының аға прокуроры Алмат Қалымбетовтің айтуынша, алғашқы арыз сәуір айында қабылданып, облыстық ІІД-ге берілген. Бүгін денсаулығы сыр берген Аслан Сәрсенғалиевті облыс прокурорының орынбасары жеке қабылдады.