Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері мұнай ұрлады деген күдікпен 5 адамды қолға түсірді (қайталау) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері мұнай ұрлады деген күдікпен 5 адамды қолға түсірді (қайталау)

Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері мұнай ұрлады деген күдікпен 5 адамды қолға түсірді (қайталау)

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері жұмыс істеп тұрған мұнай құбырынан мұнай ұрлады деген күдікпен 5 адамды қолға түсірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Қазан 2008
  • 530
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «19 қазан күні Ақтөбе облысының Алға ауданында мұнай ұрлығы орын алды. «Кеңқияқ-Орск» мұнай құбырын тесіп, мұнай өнімдерін ұрлаған 5 азамат құрықтылды. Алға аудандық ІІБ қызметкерлері мен «Семсер» күзет фирмасының қызметкерлері бірлесіп Алға ауданында Ақтөбе облысының 33, 17, 30, 23 жастағы төрт азаматы мен 36 жастағы Алматы қаласының бір тұрғынын ұстады. Олардың КамАЗ, УРАЛ, джип «Мицубисси-Паджеро» автокөліктері болған. 7 тоннаға жуық мұнай КамАЗ-дың цистернасынан табылды. Қазір Қылмыстық кодекстің 175-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Қазақстан Бүгін» агенттігі ақпараттың дұрыс берілмегендігі үшін кешірім сұрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар