Ақтөбе облысында полиция қызметкерлерін өлтірген қылмыскерлер әлі ұсталған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында полиция қызметкерлерін өлтірген қылмыскерлер әлі ұсталған жоқ

Ақтөбе облысында полиция қызметкерлерін өлтірген қылмыскерлер әлі ұсталған жоқ

Ақтөбе облысында полиция қызметкерлерін өлтірген қылмыскерлер әлі ұсталған жоқ. Олар енді көршілес аймақтардан да іздестіріліп жатыр.

  • 8 Шiлде 2011
  • 463
Фото - Caravan.kz


Тәртіп сақшылары күдіктілердің өзге өңірлерге өтіп кетуі мүмкін деп ойлайды. Себебі олар қоршауға алынған орманнан сытылып шығып, қуғын кезінде қара үзіп кетулері де ықтимал. Қазір Шұбаршиді ІІМ-нен жіберілген арнайы жасақ пен әскери бөлім жауынгерлері қоршауға алған. Әзірге алты адамға іздеу жарияланды. Қылмыскерлер жайында қандай да бір ақпарат бергендерге 100 мың АҚШ доллары тағайындалған. Естеріңізге сала кетелік, 1  шілде күні қылмыскер екі тәртіп сақшылары отырған көлікке оқ атқан болатын. Полицейлер сол жерде жан тәсілім етті. Ал ертеңінде күдіктілерді құрықтау кезінде арнайы жасақ сарбазы мерт болып, үш тәртіп сақшысы жараланды. Қазір олардың екеуі облыстық ауруханада ем алуда. Біреуін дәрігерлер бүгін үйіне босатты. 

Соңғы жаңалықтар